"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ БАСШЫЛЫҒЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ, ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖӘНЕ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы өңірде, оның ішінде "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында тоқыма кластерін дамыту мәселесі бойынша Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасының, Іскер әйелдер кеңесінің басшылығымен және мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев АЭА қызметімен таныстырып, жеңіл өнеркәсіп салаларын дамыту арқылы өңір экономикасын әртараптандыру жөніндегі іс-шараларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары А. Т. Айтжанова және Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы С. Х. Салихова өңірде тоқыма кластерін дамыту бойынша өз көзқарастарын білдіріп, іс-шараларды одан әрі іске асыру бойынша жоспарларды белгіледі. Кәсіпкерлердің сұрақтарына жауаптар берілді. Кездесу қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты"АЭА" АҚ баспасөз қызметі

 

Желілерде бөлісу:

  • 188